Оралда халық ереуілге шықты

Оралда халық ереуілге шықты
04.02.2025 15:13
0
201
sarapshy.info
Орал маңындағы аудан тұрғындары наразылық білдіруде

Орал қаласының іргесіндегі «Құс фабрикасы» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары жарық мәселесіне байланысты наразылық білдіріп, айналма жолды жапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ, sarapshy.info сайтына сілтеме жасап.

3 ақпан күні кешкі сағат 19:00 шамасында өткен ереуілге себеп – ауданның жарығының өшірілуі. Тұрғындардың айтуынша, бұрынғы төраға Асылбек Қабесов электр энергиясына төленетін ақшаны тиісті компанияға аудармаған. Нәтижесінде ауданның «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясына» қарызы 71 млн теңгеге жеткен.

Бау-бақша серіктестігі ретінде есептелетін бұл ауданда 1 кВт/сағ электр энергиясының құны 32,60 теңге болса, Орал қаласы бойынша орташа тариф – 28,16 теңге.

«Қыстың күні жарық жоқ. Балалар үйде сабақ оқи алмайды. Біз ай сайын ақшамызды төлеудеміз, бірақ қарыздың бізге қатысы жоқ. Бұрынғы төрағаның қарызы үшін неге біз зардап шегуіміз керек?» – дейді тұрғын Азиза.

«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясының» өкілі Рүстем Нұрболатұлының айтуынша, қарыздың көптігіне байланысты жарық өшірілген. «Әр үйге жеке шот ашу үшін техникалық жағдай керек», – деді ол.

Қазіргі серіктестік төрағасы Асхат Әнесұлы: «Мен РЭК-пен келісімшартқа отырмағанмын. Бұрынғы төрағаның қарызы үшін жауап беруге міндетті емеспін», – деп мәлімдеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или