Оралда көлік бағанаға соғылып, 21 жастағы жігіт мерт болды
Оралда жарық бағанасына соғылған көлік аударылып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қайғылы оқиға 9 қыркүйекке қараған түні, сағат бір жарым шамасында Күлтегін көшесінде болған. «ВАЗ-2114» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол шетіндегі жарықтандыру бағанасына соғылған.
Полиция мәліметінше, соққының қатты болғаны сонша, темір бағана жерге құлаған. Ал көлік соқтығысқаннан кейін аударылып, жол шетіндегі жыраға ұшып кеткен.
Көлікте болған 21 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілгеннен кейін алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды.
Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...