Оралда полициядан қашқан көлік ұрысы апатқа түсіп, бір адам қаза тапты

Орал қаласында көлік ұрлаған адам полициядан қашу кезінде жол апатына себеп болды. Оқиға салдарынан бір жүргізуші қаза тапты.
Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода орталық көшелердің бірінде жоғары жылдамдықпен қозғалып бара жатқан Renault Logan көлігі мен оның соңынан қуып келе жатқан патрульдік машинаны көруге болады.
Қашып бара жатқан көлік жол айырығында екі автокөлікке соғылды. Соқтығысудан кейін ұрланған машина өртеніп кетті. Куәгерлер мен полицейлер өрт сөндіргіштердің көмегімен жалынды ауыздықтады.
Құтқарушылар кінәлі жүргізушіні көліктен шығарып алды. Өкінішке қарай, апат салдарынан бір жүргізуші алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды.
Көлік ұрысы аман қалып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда ол дәрігерлердің бақылауында әрі полицияның қатаң күзетінде.
Соңғы жаңалықтар





