Оралдағы саяжай тұрғындары президенттен көмек сұрайды

Оралдағы саяжай тұрғындары президенттен көмек сұрайды
26.07.2025 16:55
0
67
видеодан алынған кадр

12 мыңға жуық халқы бар Оралдағы саяжай тұрғындары президенттен көмек сұрайды. «Зашаған» бау-бақша серіктестігі тұрғындары серіктестік төрағасы Қабесов Асылбектің атқарып жатқан жұмысына көңілдері толмайтындарын жеткізді.

 

Қабесов Асылбек отырғанына он жылдан аса уақыт болды, халыққа ешқашан есеп бермейді, елдің ақшасын бас пайдасына пайдаланып  отыр. Себебі, он жыл бойы, су, жарыққа жиналған ақшаның есебін алған емеспіз, - деп шырылдайды халық.

2014  жылы үш жылға сайланған төраға әлі жылы орнынан кете қоймаған.

Саяжайда ауыз су мәселесі ушығып тұр. Төрағамыз суды 210 мыңға әр үйге өткізіп отыр, бірақ чек берілмейді. Қоқысқа әрбір үйден мың теңгеден жиналады. Бірақ қоқысты жинап әкетіп жатқанын көрмедік,  шіріп-іріп жатыр. Ең үлкен проблема - жол мәселесі. Көктемде қар суы ерігенде балшыққа батамыз. Ең сорақысы біз коммуналды төлемді, Қабесовтің жеке шотына жібереміз немесе кассадағы жеңгесіне барып төлейміз. Яғни ешқандай чек жоқ. Біз ресми төлем жасайтын есепшот  талап етеміз, сонымен қатар саяжайға статус берілсе дейміз, - дейді халық. 

Айта кету керек, саяжайда тұрақтаған 12 мың тұрғын он жылдан астам уақыт аурухана, емхана, мектепке қол жеткізе алмай келе жатқанын айтады. Жұрт бау-бақша өсіретін орындағы бұл мәселерді шешудің басты жолы елдімекен мәртебесін беру дейді. Себебі саяжай статусын өзгертсе ғана аталған проблемаларды шешу үшін  қала бюджетінен қаражат қарастырылады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий