«Орамалды шешкенде, иман сыпырылып түсіп қалады»: Дінтанушы қазақта хиджаб болмағанын айтты 

23.01.2026 10:18 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Орамалды шешкенде, иман сыпырылып түсіп қалады»: Дінтанушы қазақта хиджаб болмағанын айтты 
286
Фото: ашық дереккөз

Ғалым, дінтанушы Айнұр Әбдірасілқызы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында қазақта хиджап болмағанын, әйелдер орамал таққанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, орамал тағу – парыз, амал. Дінтанушы иман тек онымен шектелмейтінін айтты.

«Орамал сіздің нақты кім екеніңізді білдірмейді. Оның парыз, амал екенін ешкім жоққа шығармайды. Бірақ парызды орындаудың өзінің жолдары, жөні бар. Оны ешкім жоққа шығармайды. «Бірақ тек қана иман соған байлаулы, орамалды шешкенде, иман сыпырылып түсіп қалады» деп ешкім айтпайды. Орамалды таққанда, адам күшті иманды болып кетеді деп те ешкім айтпайды. Тақсаң, нұр үстіне – нұр. Таға алмасаң, онда оның да өзі жөні бар. Хиджаб кию туралы менде ешқашан ой болған жоқ. Өйткені қазақта хиджаб жоқ. Мен өзіміздің шараларымызда, жаңа курстарымызда, эфирлерімізде мен үнемі орамалмен отырамын өйткені ол жерде діни мәтін оқылады, дін туралы әңгіме айтылады», - деді ол. 

Дінтанушының бұл сөзіне желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. 

«Мықты білімді Айнұр ханым, бүге шігесіне дейін түсіндіріп, жетесіне жеткізіп, қиындатпай айтады», «Өте дұрыс айтылған!!! Адамның имандылығы шүберекке байланысты емес, адамның ішкі жан дүниесі таза болса сол имандылық, себебі жан дүниесі таза адам, басқаға қастандық пен арамдық жасамайды!», «Иә, орамалмен өлшенбейді ол рас. Бірақ бұл жерде мәселе онда емес. Жалпы орамалдың парыз екенін біле тұра халықты шатыстырып қазақта жоқ деуде боп тұр. Алла парыз етті ме, болды қазақсың ба, арабсың ба бәрібір ертең сұраламыз!»,  «Қазақта «хиджап» термині болмағанымен, орамал, кимешек бар. «Хиджап» деген «әуретті жабу» деген мағына», - деп жазды оқырмандар.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий