Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталды

18.08.2026 17:36 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталды
104
Сурет Гүлнәр Бажкенованың Instagram парақшасынан
ЖАЛҒАСЫ

Алматының Бостандық аудандық сотында 18 тамызда Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға үкім шықты. Судья Елена Кван оны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Politico.kz порталы Orda.kz-ке сілтемемен.

Жазаны өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды. Сотталушы жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ оған 5 жыл бойы журналистік, қоғамдық және басшылық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Алдыңғы отырыста прокурор Қуаныш Қанапьянов дәл осы жазаны сұраған болатын. Алайда айыпталушы өзіне тағылған айыптардың ешқайсысы бойынша кінәсін мойындаған жоқ.

Журналист Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша заңсыз кәсіпкерлік үшін айыпталды. Сонымен қатар 274-баптың 2-бөлігі 1 және 3-тармақтарымен сеніп тапсырылған мүлікті жымқыру айыбы тағылды. Үшінші айып 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес жалған ақпарат тарату бойынша қойылды.

Бұрынғы бас редактордың ісі бойынша сот процесі 2 шілдеде басталды. Ол 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап үйқамақта отырған. Журналистің қорғаушысы Мұрат Адам лицензиясынан айырылған болатын. Осыдан кейін сот Гүлнәр Бажкеноваға мемлекеттік қорғаушы тағайындады.

Войдите, чтобы оставить комментарий