Өскеменде көпқабатты үйдің ауласынан 18 жастағы жігіттің денесі табылды
Өскеменде көпқабатты үйдің ауласынан 18 жастағы жігіт өлі табылды. ШҚО полиция департаменті оның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын Politico.kz тілшісіне растады.
Жігіттің денесі Әуезов даңғылындағы №24 үйдің ауласынан табылған. Бейресми ақпаратқа сәйкес, жас жігіт асылып қалған.
«Полиция департаменті Өскемен қаласының 18 жастағы тұрғынының қайтыс болу фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерделеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», деп хабарлады полиция.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.11.2026
22:33
«Шекарасыз тілшілер» ұйымы журналист Вадим Боре...
16.11.2026
21:32
Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым халықар...
16.11.2026
20:17
Астанада оқушы қыз мектепке пышақ алып келіп, ө...
16.11.2026
18:55
Тоқаевқа жылыту маусымы қалыпты өтіп жатқаны ба...
16.11.2026
18:16
Кәсіпкерді кім өлтірді: полиция жаңа мәлімет жа...
16.11.2026
18:09
Алматыда өртенген ең көне спорт мектебінің орны...