"Осы әулеттің баласы болсам": Анасын іздеген Жәнібектің тосыннан әкесі табылды
320
Қымбат Досжанның айтуынша, Жәнібектің туған әкесі табылған.
Қазақ радиосындағы “Бармысың, бауырым” хабарының редакциясы бельгиялық қазақ баланың биологиялық ата-анасын іздеу жұмыстарына қатысты мән-жайды мәлім етті,-деп хабарлайды politico.kz
Қымбат Досжанның айтуынша, Жәнібектің туған әкесі табылған.
“Соңғы уақытта біз үнсіз жүргенімізге қарап ашылған қылмыстық істі тоқтатып тастады деп ойламаңыздар. Зерттеу жұмысы бір сәтке де тоқтаған жоқ. Кеше мен Арқалық қаласының полиция қызметкері Саят Исламовпен бірге Қарағанды қаласына барып келдім. Зерттеу барысында Жәнібектің әкесі болуы мүмкін деген ер адам анықталды. Өкініштісі, ол кісі өмірден өткен болып шықты. Сондықтан марқұмның жақындары мен ет жақын адамдарымен сөйлесу үшін полиция қызметкеріне еріп, өзім арнайы барған едім, бірақ туыстары сөзімізге, өтінішімізге құлақ аспады. ДНҚ тестіне қан тапсырудан бас тартты”, - дейді Қымбат Досжан.Сонымен қатар, бағдарлама редакциясына Жәнібектің әкесімен бірге жұмыс істеген азамат анонимді түрде хабарласқан. Ол Жәнібектің келбеті, жүріс-тұрысы барлығы қатты ұқсайтынын айтқан. "Марқұм әкесінің жас кезіндегі суретін көргенде Жәнібекті көргендей боламыз" деген екен. Ал Жәнібек "егер осы отбасының баласы болсам, олардың ақшасына не дүние-мүлкіне таласым жоқ" деп отыр.
Соңғы жаңалықтар
26.06.2026
23:16
Каспийде суға батқан 27 жастағы ер адамның дене...
26.06.2026
22:29
Алматылық студент зейнеткер мен әйел адамды 70 ...
26.06.2026
21:20
“Бөксемді қатты қысып ұстады”: Метро ішінде қыз...
26.06.2026
20:31
«Жағдайды ушықтырмаңыздар»: Ербаян Мұхтардың қа...
26.06.2026
19:01
Алматы метросында студенттен автоматқа арналған...
26.06.2026
18:17
«Балаларымды қамтамасыз етіп келемін»: Жұмабек ...