Ота 4 сағат жасалды: дәрігерлер Шымкент әкімі орынбасарының жағдайы туралы айтты

22.04.2025 09:18 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Ота 4 сағат жасалды: дәрігерлер Шымкент әкімі орынбасарының жағдайы туралы айтты
0
302
t.me / shymkentgov

Дәрігерлер кеше қастандық жасалған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Берденов ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Оған 4 сағаттан астам уақытқа созылған шұғыл ота жасалды.

Қазіргі уақытта өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

"Отадан кейінгі диагноз: оң жақтағы кеуде қуысы тұсына тиген оқ жарақаты, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің, қабырға аралық артериялардың және диафрагманың көптеген жарақаты; оң жақ тұсындағы гемопневмоторакс. Сондай-ақ бауырдың зақымдануы, құрсақ қуысының көптеген жарақаты, ішкі қан кетулер, оң жақ бүйрек, иық және білек аймағындағы көптеген оқ жарақаты, сыртқы қан кетулер диагнозы қойылды. Плевропульмональдық және геморрагиялық шок алған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Берденовтің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр деп бағаланып отыр. Ол дәрігерлердің бақылауында және барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий