Отадан кейінгі Роза Рымбаеваны ел танымай қалды

Отадан кейінгі Роза Рымбаеваны ел танымай қалды
25.08.2025 11:01
0
654
коллаж politico.kz

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбасы жұрт назарын аударып, қызу талқылауға себеп болды.

Видеода әнші үй жағдайында табиғи бейнеде, бетіне ешқандай макияжсыз, балық өнімінің жарнамасына түскені көрініс тапқан. Алайда көпшіліктің назары жарнамалық мазмұннан гөрі, өнер жұлдызының сырт келбетіне ауып, түрлі пікірлер туындады.

Желі қолданушыларының айтуынша, Роза Рымбаева соңғы кездері айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Көпшілік оны пластикалық ота мен косметикалық процедуралардың салдары деп бағалап, кейбіреулер "тіпті танымай қалдық" деп таңданыстарын жасырмады. "Алдыңғыдай табиғи сұлулығы жоқ", "Ботокстың әсерінен өзгеріп кетіпті", "Жасанды", "Кезінде сүйікті әншіміз еді, қазіргі бейнесіне үйрене алмай жүрміз" деген секілді пікірлер жиі кездеседі.

Сонымен қатар, әншіні қолдағандар да табылып, олар өнер иесінің таңдауы мен сахнадағы бейнесіне түсіністікпен қарау қажет екенін алға тартты. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий