"Отбасын бұзу үшін...": Ханбибі Есенқарақызы "Нұрикамал" фильмі туралы айтты
1132
Белгілі ақын, журналист Ханбибі Есенқарақызы "Нұрикамал" фильмі туралы ойын, мелодраманың кемшін тұстары туралы айтты.
Nege.kz порталының тілшісі "Нұрикамалды" көргендердің арасында "Отбасы бола тұра басқа әйелге ғашық болуды насихаттаудың керегі не?" деп пікір айтқандар барын тілге тиек етті. Ақын "туынды – таза адамдардан шыққан таза махаббатың үлгісі" екенін айтты.
Бұл біреудің отбасын бұзу үшін насихатталған дүние емес. Бұл – өнер адамдарына тән. Әрбір адам – бостан. Біреуге біреу тәуелді емес. Бұл жерде жасандылық, тәуелділік жоқ. Композитордың ғашық болуға құқы бар. Әннің жақсы болғаны үшін ақын ретінде сөзін жазып бергенімді дұрыс деп санаймын. Бірақ композитор еш уақытта Нұрикамалмен байланыста болған жоқ. Нұрикамал да ақыл-ойы бар әйел. Бір жерінде "Біреудің отбасын бұзған адам бақытқа жете алмайды" деп айтатыны бар ғой. Ол да – персонаж. Композитор да, Нұрикамал да жақын қарым-қатынас орнатпаған, таза күйінде қалды. Ешқандай отбасы бұзылған жоқ. Барлығы өз орнында", - деп жауап берді Ханбибі Есенқарақызы.Оның сөзінше, тазалықтан туған ән халықтың жүрегіне жетіп, 40 жылға жуық уақыт болса да әлі сахнадан да, той-жиындарда айтылып келе жатыр.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
18:17
Тарихи жеңіс: Темірлан Тілеулес Қазақстанға тае...
02.10.2026
17:33
Зеленский Путиннің соғыс ережелерін сақтамауға ...
02.10.2026
17:27
Азия ойындарында қазақстандық спортшы допинг да...
02.10.2026
17:02
«Орнымнан тұрмасам, жолаушылар өлер еді»: Flydu...
02.10.2026
17:02
Тоқаев: «Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықа...
02.10.2026
16:55
Ақтауда бір жарым жасар сәбиді қағып өлтірген ...