«Өтірік күліп жүрмін»: «Қойшы бала» соңынан ерген сөздерден қиналып кеткенін айтты

«Өтірік күліп жүрмін»: «Қойшы бала» соңынан ерген сөздерден қиналып кеткенін айтты
04.03.2025 17:11
0
75

«Қойшы бала» атымен танылған Жігер Ауыпбаевтың шәкірті Айдос Кәден өзінің желідегі парақшасында жан сырын ақтарды.

Жас әншінің жазбасына сүйенсек, оның артынан қалмай келе жатқан жағымсыз әңгімелер бар екен.

«Бір жыл. Әлі сол әңгіме артымнан қалмады. Адам өлтіргендер де тойлатып жүр, ал мен өтірік күліп жүрмін. Ит үреді, керуен көшеді. Бұл сөздер де аяқталар», — деп жазды «Қойшы бала».

Мұны оқыған қалың көпшілік түрлі пікір қалдыруда.

«Тарихта қаласың су ішкен құдығына түкірген адам болып, інім», «Жігердің сенімін ақтамадың. Ол сен сияқты хайп қуалап кеткен жоқ, шын ниетімен көмек берді», «Сатқындық деген дүниенің ұмытылуы қиын ғой», деп жазды олар. 

Еске салайық, «Артық әңгіме айтып, қадіріңді кетірме» деп Жігер Ауыпбаев «Қойшы балаға» ескерту жасаған еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий