«Өз отбасыңнан да табылады»: Гүлзира Айдарбекова «құмалақ» деп кімді меңзеді?
1163
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіндерінің әлеуметтік желіде белсенді болуына бағыт-бағдар бергенін айтты.
Ол Instagram-дағы парақшасына ортаншы ұлы Аян Нұртастың келіншегі Айгерім Саркеновамен түскен суретін жүктеп, келініне деген ерекше ықыласын жеткізген. Сондай-ақ келіндерінің әлеуметтік желіде белсенді болғандарын қалайтынын жасырмады.
«Келін – ененің топырағынан» деген сөз бар. Үш келінім үш түрлі тәрбиеде өсіп, үш түрлі отбасынан шыққанымен айналып келгенде өз аналарының емес, менің жолымды қуған. Ол жағын Айгерім мойындап отырады. «Мен-мен, мен өзім» демей, «Мама, сіз басында айтқанда, «мен олай бола алмаймын, эфирге шыға алмаймын, инста жүргізе алмаймын» деуші едім ғой, ал сіз айтатынсыз, «Адамның жасағанын адам жасай алады» деп. Енді қарасам, шынында солай екен» деп риза болып отырады. Қазір өз оқырмандары жетерлік. Оқырман деген сенің бөлек бір әлемің ғой. Басыңа жағдай туса, бәрі жүрегі ауырып, дұға тілейді. «Көп тілеуі – көл» дегендей, қиындығың жеңілдейді. Сәл артық кетсең, ескертіп отырады, - дейді Гүлзира Айдарбекова.Осы сәтте ол кейде «бір қарын майды шірітетін құмалақтар» болатынын алға тартып, ондай адамдардың өз отбасынан да табылатынын айтып қалды. Бірақ кімді меңзегені белгісіз.
Ол да керек, өмір болған соң. Көп нәрсені түзетіп, көз жеткізуге. Кімнің кім екенін біліп отырасың, – деп жазды продюсер.Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova
Соңғы жаңалықтар
08.06.2026
12:52
Фото үшін банан беріп, қайта тартып алған: Шымк...
08.06.2026
12:34
Еркеш Хасен бұрынғы жары туралы: «Арқасынан пыш...
08.06.2026
11:56
Әл-Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан үшінші а...
08.06.2026
11:54
Астанада «Хан Шатыр» маңында қызды күштеп көлік...
08.06.2026
11:36
«Анамның өзі суға батқанына сенбеймін»: Жетім қ...
08.06.2026
10:28
Тоқаев Армения премьері Пашинянды жеңісімен құт...