Өз-өзіне қол салған әскери-қызметшінің анасы шұғыл мәлімдеме жасады
401
Ақтөбе облысында өз-өзіне қол жұмсаған әскери қызметшінің анасы ұлының өліміне әскерді кінәлі деп санамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды politico.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Марқұм әскери қызметшінің анасы түсірген бейнеүндеу әлеуметтік желіде тарады. Видеода әйел ұлының үстіміздегі жылдың сәуір айында әскер қатарына алынғанын айтты. Анасының сөзінше, оған әскердегі қызмет ұнаған. Әйел ұлының өліміне әскерді кінәламайтынын айтып, көпшіліктен сарбаздарды қолдауды сұрады.
«Мен әскерді кінәламаймын. Бұл – тағдыр. Менің ұлым басқа жігіттердің өз қызметін лайықты түрде аяқтағанын қалайтын еді. Олар жағымсыз жаңалықтарға аз көңіл бөліп, өз міндеттерін орындауға назар аударуы керек», - дейді әйел бейнеүндеуде.Ол сондай-ақ қазақстандықтардан жалған ақпарат таратпауды сұрады. Бұған дейін Ақтөбе облысында Павлодардан шақырылған мерзімді әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлағанбыз.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...