"Өз себебі бар": Махмұд Сабырханның қалыңдығы шындықтың бетін ашты
Әлеуметтік желілерде қазақстандық танымал боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырханның қайтадан үйленгені туралы ақпарат тарады.
Жаңа отбасылық қуанышты сәттің бейнежазбалары боксшының қалыңдығы Айғаным Ержігітованың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланып, жұртшылықтың назарын өзіне аударды.
Айғаным Ержігітова тойдан кейін жеке жазба қалдырып, желіде тарап жатқан пікірлерге сабырмен жауап берді.
“Барлығын қарап, біліп жатсыздар. Әр нәрсенің өз себебі бар. Себебін білмей, көрмей артық сөкпеңіздер. Бір күні бәрінің жауабы табылады. Өткен өмір артта қалды, біз жаңа өмір бастадық. Алдағы күндермен ғана өмір сүреміз. Ешкімнің сөзі маңызды емес”, – деп жазды ол.
Махмұд Сабырхан – Қазақстанның ең үздік жас боксшыларының бірі, ол 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанып, елдің атын халықаралық аренада танытқан спортшы. Сондай-ақ ол Париж Олимпиадасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының намысын қорғаған болатын.
Белгілі болғандай, боксшы бұған дейін Назым Мырзағалиқызымен некеде болған және олардың ортақ бір баласы бар. Желі қолданушылары Махмұдтың жаңа өмірлік таңдауына түрлі пікір білдіріп, кейбірі жас отбасыға бақыт тілесе, енді бір бөлігі оның бұрынғы отбасына қатысты алаңдаушылық танытты.
Соңғы жаңалықтар