«Өзбек лас бокстасты»: қазақстандық жанкүйерлер Нұрбек Оралбайдың жеңілісін әділетсіздікке балады

«Өзбек лас бокстасты»: қазақстандық жанкүйерлер Нұрбек Оралбайдың жеңілісін әділетсіздікке балады
11.09.2025 11:01
0
210
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өткен бокстан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Қазақстандық боксшы 80 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Жартылай финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте ол Өзбекстан өкілі Жавохир Үмматалиевпен кездескен еді. 
Әлеуметтік желіде Оралбайдың өзбек боксшысынан жеңілуі қызу талқыға түсті. Көпшілігі төрешілердің шешімімен келіспей, қарсыластың бокстасу мәнерін сынап татсады.


«Өзбек лас бокстасты, үнемі клинчте, қарағың кемейді»,
«Бастың артқы жағынан ұруға рұқсат берілді ме, ал төреші соны көрмей ме?!»,
«Өзбекке циркта өнер көрсетсе де болады екен, бокста емес»,
«Төреші көмектесті өзбек боксшысына», – деп жазды жанкүйерлер.

Судьялыққа қатысты наразылықтардан бөлек, көрермендер комментаторды да сынға алып, оны біржақтылық танытты деп айыптады.


 «Комментаторды ауыстыру керек», «Мен түсінбедім, комментатор неге өзбек боксшысына болысып отыр?», – деді басқалары.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий