Өзбекстанда, Қазақстандағыдай ұлан-асыр той жасауға тыйым салынды

Өзбекстанда, Қазақстандағыдай ұлан-асыр той жасауға тыйым салынды
24.09.2025 11:07
0
88
Фото: canva.com

Өзбекстан билігі енді тойға шақырылатын қонақтардың саны 200 адамнан аспауы тиіс деген жаңа қаулы қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.  Lex.uz порталына сүйене отырып.
Қаулыға сәйкес, тойға қонақтар ең көп дегенде 200 адамға дейін, ал дәстүрлі жиынға 250 адамға дейін шақырылуы мүмкін. Екі жақты үйлену тойларына рұқсат етілетін қонақтар саны – 250, ал дәстүрлі үлкен жиындарға 300 адамға дейін белгіленген.
Сонымен қатар құжатта отбасыларға артық шығын келтіретін ақша, мата тарату секілді дәстүрлерге де шектеу қойылған. Себебі мұндай әрекеттер көпшілік үшін қаржылай салмақ тудырады.
Үкімет енгізген бұл шектеулер мерекелік шараларға қатысушыларды қысқартудан гөрі, қажетсіз шығындардың алдын алуға бағытталған. 

«Той шығындарының көптігі ел арасында бұрыннан өзекті мәселе болып келеді», - дейді олар.

Айта кетсек, бес жыл бұрын Өзбекстан парламенті де тойдағы қонақ санын шектеуге қатысты шешім қабылдаған болатын. Бірақ жергілікті БАҚ өкілдерінің айтуынша, ол талаптар іс жүзінде толық орындалмаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий