«Өзімді өртеймін»: Хасан Қасымбаевтың әйелі сот алдында шу шығарды
Талғарда атышулы Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін айыпталушыға қатысты үкім шығуы күтілуде, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қылмыстық топ («Хуторлықтар») басшысы деп танылып отырған Қасымбаевтың туыстары президентке бейнеүндеу жолдап, істің әділ қаралуын сұрады.
«Күйеуімнің еш кінәсі. Оны үйде үш баласы күтіп отыр. Егер әділ шешім шықғармаса, дәл осы жерде өзімді өртеймін», - деді Қасымбаевтың жұбайы Зульфия Қасымбаева.
Еске сала кетейік, тергеу материалдарына сәйкес, 2021 жылы Қасымбаевтың тапсырмасымен оның серіктері ММА жаттықтырушысы Арман Әлімовті ұрып-соғып, күштеп көлікке отырғызып әкеткен. Жолда және ашық далада оны бірнеше рет соққыға жыққан. Нәтижесінде жәбірленуші ауыр жарақат алған.
Сонымен қатар айыптау қорытындысында Қасымбаев пен оның серіктері кәсіпкер Әріпжан Тәжиевті соққыға жығып, одан бизнесін — дәріханасын жалғастыру үшін 1 миллион теңге талап еткені көрсетілген.
Хасан Қасымбаев 2024 жылдың қарашасында қамауға алынған. Тергеу барысында ол ұйымдасқан қылмыстық топты басқарды деген күдікке ілінген.
Соңғы жаңалықтар