Пакет үстінен тамақ жеген келіндер жұрттың сынына қалды (ВИДЕО)

10.06.2026 14:19 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Пакет үстінен тамақ жеген келіндер жұрттың сынына қалды (ВИДЕО)
292
Фото: Бейнеден алынған скрин

Threads әлеуметтік желісінде қазақы киіз үйдің көлеңкесінде жерге жайылған пакет үстінен палау жеп отырған бір топ келіннің видеосы кеңінен тарап, көпшіліктің қатаң сынына ұшырады, деп хабарлайды Politico.kz.

Таралған бейнежазбадан қыз-келіншектердің далада тізе бүгіп отырғанын және олардың алдында ешқандай үстелсіз тікелей жерге қойылған тамақ тұрғанын байқауға болады. Оқиға ұлттық нақышта безендірілген шатырлардың жанында болған, алайда әйелдер қауымы ас-ауқатты шатыр ішінде емес, сыртта көлеңкеде ішуге мәжбүр болған.

Желі қолданушылары туыстары тарапынан әйелдерге жасалған мұндай қарым-қатынасты қатаң айыптап, өздерін осылай қорлауға жол берген келіндердің әрекетін де түсінбейтіндерін жеткізді. Батыс өңірінің салт-дәстүріне сілтеме жасаған жұрт бұл көріністің көңіл көншітпейтінін айтып, түрлі пікірлер қалдырған.

«Салт дәстүрді ең қатты ұстанатын Маңғыстау облысында әйелдерге көрсеткен құрмет осы ма? Еркекпін деп кеуде керуге ұялу керек қой мынадан кейін, әйелдерің адал асын адам сияқты іше алмай отыр», «Тамсанатын түгі жоқ. Жүректі ауыртатын видео ғой…», «Ең болмаса көліктің капотына қоюға немесе үстел қалмаса жол талғаушының жүксалғышын ашып беруге болмас па еді, мен ешқашан шатырдың артында жерге отырып тамақ ішпес едім», – деп жазды оқырмандар.

Оқырмандардың тағы бірі бұл қыздардың ата-анасы оларды мұндай қорлық үшін өмірге әкеліп тәрбиелемегенін еске салып, өзімшіл еркектерге қызмет ету үшін тек осындай тілалғыш әйелдер қажет екенін алға тартты. Дегенмен белгілі болғандай, келіндер Алматы облысынан екен.

Войдите, чтобы оставить комментарий