Палестиндіктер қираған үйлеріне қайтып жатыр

Палестиндіктер қираған үйлеріне қайтып жатыр
28.01.2025 10:27
0
137
Reuters
Соғыстан кейінгі бітімгершілік: халық үйлеріне оралып жатыр

Израиль жол тосқауылдарды ашқаннан кейін Газаның солтүстігіне палестиндіктер жаппай қайтып жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Reuters агенттігінің мәліметінше, соғыс басталғалы бері 650 мың палестиндік өз үйлерін тастап, Газаның орталық және оңтүстік бөліктеріне көшкен. Бітімгершілік туралы келісім аясында халық өз үйлеріне оралуға мүмкіндік алды. Тек блокпосттар ашылған алғашқы екі сағат ішінде 200 мың адам қайтып үлгерген.

Келісім Израиль мен ХАМАС арасындағы 15 айға созылған қақтығыстан кейін жасалды. ХАМАС 19 қаңтарда Израильдік үш тұтқынды босатты, ал Израиль 90 палестиналық тұтқынды босатумен жауап берді. Соңғы деректерге сәйкес, 25 қаңтарда тағы төрт израильдік тұтқын босатылып, Израиль 200 палестиналықты еркіне жіберді.

Газаның солтүстігінде жағдай өте ауыр. ХАМАС басқарған үкіметтің мәліметінше, оралған халықты қамтамасыз ету үшін 135 мың шатыр мен уақытша баспана қажет. Соғыс кезінде 47 мыңнан астам палестиндік қайтыс болғаны, ал 1200-ден астам израильдік қаза тапқаны хабарланды.

Газадағы жағдайды қалпына келтіру ұзақ уақытты талап етеді. Қайта оралып жатқан халық үшін негізгі мәселе – баспана және өмір сүруге қажетті жағдайлар жасау.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или