Пара үшін сотталған Бақытгүл Хаменованың тойда жүрген видеосы таралды

28.10.2025 12:19 Айсұлу Мұрат
Пара үшін сотталған Бақытгүл Хаменованың тойда жүрген видеосы таралды
0
382

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары, экс-депутат Бақытгүл Хаменованың тойға қатысқан сәті әлеуметтік желіде жарияланды. Бейнежазбада оның шенеуніктер мен полиция қызметкерлерінің қатарында, алдыңғы қатарда тұрғаны анық көрінеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі жазды.

Аталған жағдай қызу талқыланып жатыр.

Еске сала кетейік, Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнату кезінде 4,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот шешімімен ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленген.

Атырау облыстық соты бұл жайтқа қатысты үкімнің орындалуына қатысты мән-жайды еске салды.

– Үкімнің орындалуы 3 жыл мерзімге кейінге қалдырылған. Бұл шешім сотталушының асырауындағы екі жас баласының болуына байланысты қабылданды, - деп хабарлады Атырау облыстық соттың баспасөз қызметі.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий