«Парасат» орденін алған Қарақат Әбілдина сыйлыққа гауһар меруерт алды

«Парасат» орденін алған Қарақат Әбілдина сыйлыққа гауһар меруерт алды
08.03.2025 13:31
0
96
видеодан скриншот

Әнші Қарақат Әбілдина «Парасат» орденімен марапатталып, бұл қуанышын отбасымен және жақын достарымен бірге үйінде атап өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Мерекелік кеште құттықтаушылардың арасында белгілі асаба Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова да болды. Ол өнердегі әпкесіне гауһар тастармен безендірілген меруерт алқа сыйлап, «Қарақат Түлкібайқызына Мөлдір Түлкібайқызы атынан марапат – меруерт» деп тарту етті. Қарақат Әбілдина бұл сыйлыққа қуанып, оның бүгін алған алғашқы сый-сияпаты екенін атап өтті.

Айта кеетйік, «Парасат» ордені Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградаларының бірі болып табылады. Бұл орден ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер саласындағы елеулі жетістіктері үшін, сондай-ақ рухани және интеллектуалдық әлеуетті дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий