Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы көз жұмды
970
Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, Ерден Хайруллиннің жүрегі тоқтап қалған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің жүрегі тоқтап қалған, - делінген хабарламада.Қалалық әкімдік те басқарма басшысының қайтыс болғанын растап отыр. Бірақ олардың айтуынша, Ерден Хайруллин турист ретінде емес, Парижге іс-сапармен барған.
Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Парижде Хайруллин іс-сапарда болды, - деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігі.Айта кетсек, ол 2022 жылы мамырдан бері осы қызметті атқарып келген. Ал 2019 жылдан 2022 жылға дейін Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болған. Фото: AP Photo/Ciaran Fahey
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...