Павел Дуров Дубайға оралып, мәлімдеме жасады

Павел Дуров Дубайға оралып, мәлімдеме жасады
17.03.2025 17:29
0
68
Фото: instagram.com/durov

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Дубайға оралғаннан кейін алғашқы хабарламасын жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Сіздер естіген боларсыздар, мен бірнеше айды Францияда өткізіп, тергеуге байланысты Дубайға қайта оралдым. Бұл тергеу Telegram-дегі қылмыстық әрекеттерге қатысты. Процесс әлі жалғасуда, бірақ үйге қайтқаныма қуаныштымын", – деп жазды Дуров өз Telegram каналында.

Ол тергеу судьяларына "бұған мүмкіндік бергені үшін", сондай-ақ адвокаттарына және командасына "модерация, ынтымақтастық және қылмыспен күрес мәселелерінде Telegram заңды міндеттемелерін ғана емес, олардан асып түскенін көрсетуге мүмкіндік жасаған тынымсыз еңбектері үшін" алғыс айтты.

Дуров сондай-ақ бүкіл әлемдегі миллиондаған адамға бұл күтпеген жағдай кезінде қолдау білдіргендері үшін ризашылығын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павел Дуров соттың рұқсатымен Франциядан кеткені белгілі болған еді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, оған елден "бірнеше аптаға" шығуға рұқсат берілген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий