Павлодарда 20 жастағы жігіт энергетик ішіп, жантүршігерлік жағдайға тап болды

Павлодарда 20 жастағы жігіт энергетик ішіп реанимацияға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Павлодардың 20 жастағы тұрғыны ауыр жүрек жеткіліксіздігі диагнозымен ауруханаға түсті. Ол соңғы екі жыл бойы күн сайын төрт құтыға дейін энергетикалық сусын ішіп келген. Соның салдарынан жігітке уытты кардиомиопатия диагнозы қойылып, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.
Жас жігіт кардиоорталыққа ентігу, жүрек соғысының жиілеуі, тез шаршау мен тәбеттің жоғалуы сияқты шағымдармен түскен. Бұған дейін жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауырмаған.
“Оның жағдайы бастапқыда ауыр деп бағаланды. Алдымен пациент жансақтау бөлімінде емделді, кейін оны созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бөлімшесіне ауыстырдық”, — дейді кардиоорталық дәрігері, PhD докторанты Айнұр Шукимбаева.
Соңғы жаңалықтар





