Павлодарда бес жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті

Павлодарда бес жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті
Павлодарда бүлдіршін терезеден құлап, ауруханаға жеткізілді

Павлодар қаласында бес жасар қыз көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, 2021 жылы туған бүлдіршін оқиғадан кейін шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілген. Дәрігерлер оған қажетті тексерулер жүргізіп, алғашқы диагноз қойған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыздың ішкі ағзалары соғылып, миы шайқалған. Науқас хирургия бөліміне жатқызылды.

Дәрігерлер қазіргі таңда баланың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Ол мамандардың тұрақты бақылауында болып, қажетті ем қабылдауда.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу