Павлодарда кеше ғана жаңа лауазымға тағайындалған шенеуніктің басы дауға қалды
420
Павлодар облысының құрылыс басқармасының жаңа басшысы Асқар Әжмұрат даудың ортасында қалды. Бұл туралы Egov.Press Telegram каналы жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Асқар Әжмұрат 17 шілде күні Павлодар облысы құрылыс басқармасының жаңа басшысы лауазымына тағайындалған. Видеоға мән берсек, сол күні кешке жаңа қызметін атап өткен болуы мүмкін.
«Шамасы, «жаңа қаһарман Асқар Әжмұрат командасымен бірге Павлодар облысының құрылыс басқармасының басшысы лауазымын дүркіретіп тойлап жатыр. Дауласпаймыз, майлы орын. Ән айтудың майталманы, бидің түбін түсіретін шебер адам екен», - деп жазады Egov.Press Telegram каналы.Ал желі қолданушылары жаңа қызметке тағайындалған шенеуніктің бұл әрекетін ерсі деп санады.
«Ішіп, тойлап жатыр», «Ол қуанып тұр. Енді Ыстамбұлдан, Дубайдан, тіпті Еуропадан өзіне үй іздей берсе болады», «Ол караокеге әйелімен емес, тоқалымен барған болса, отбасына қандай сюрприз болар еді», - деп жазды желі қолданушылары.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
16:02
"Іс-әрекетіне бүкіл ел куә": Фариза Алмазқызы с...
24.08.2026
15:45
"Шәкіртіне зорлық көрсеткен": танымал хореограф...
24.08.2026
15:35
Шығыс Қазақстанда ер адам өз қызын бірнеше жыл ...
24.08.2026
15:29
Ақордадағы қайта тағайындаулар
24.08.2026
15:16
Магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің ...
24.08.2026
15:08
Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып қай...