Павлодарда «ҚТЖ»-ның екі басшысы сотталды

20.01.2026 10:02 Арман Ермеков Арман Ермеков
Павлодарда «ҚТЖ»-ның екі басшысы сотталды
0
293
фото: ашық дереккөздер

Павлодарда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жергілікті филиалдарын басқарған екі шенеунік жемқорлық қылмысы үшін темір торға тоғытылды, деп хабарлайды Politico.kz

Магистральдық желі бөлімшесінің басшысы мен электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы мердігер компаниядан ірі көлемде ақша бопсалады деп танылды.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, қылмыстық оқиға 2025 жылдың ақпан-сәуір айларында өрбіген. Аталған екі лауазымды тұлға Ақсу-1 станциясында электр монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер серіктестіктен ақша талап еткен. Қысымға шыдамаған кәсіпкерлер оларға жалпы сомасы 2,7 миллион теңге пара берген.

Сонымен қатар сот барысында бөлімше басшысының тағы бір әрекеті әшкере болды. Ол 2021 жылы қарамағындағы қызметкерден құны 57 мың теңге тұратын кеңсе креслосын алғаны анықталды.

Сот процесінде куәгерлердің жауаптары, сараптама қорытындылары және басқа да айғақтар басшылардың кінәсін толық дәлелдеді.

Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен:

• Бөлімше басшысы Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары бойынша;

• Дистанция бастығы сол баптың 1, 2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды.

Судьяның шешімімен екеуі де 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оларға өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. Сот сотталғандардың мүлкін тәркілеуді қажет деп таппады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий