Пенсионатта қарияларды азаптап жатқан видео тарады

Уфадағы «Печки-лавочки» пансионатында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде резонанс туғызды. Кадрларда егде жастағы азаматтың төсек жаймасына оралып, байлап тасталғаны көрінеді. Жәбірлеу оқиғасы бейне арқылы жария болғаннан кейін қоғамда үлкен алаңдаушылық туындады.
SHOT редакциясына бейнематериалды жолдаған аноним дереккөздің айтуынша, мұндай қатыгездік аталған мекемеде жиі кездесетін жағдай. Оның сөзінше, пансионат қызметкерлері зейнеткерлерді ұрып-соғып, тамақтан да шектейді. Әсіресе, жағдайға наразылық білдірген қарттарға қысым күшейтіледі екен. Сонымен қатар, мекемеде тазалықтың жоқтығы, антисанитариялық жағдай, клоптар мен тарақандардың өріп жүргені де хабарланған.
Пансионат әкімшілігі бұл мәселеге қатысты пікір беруден бас тартты. Қазіргі уақытта оқиға бойынша ІІМ тексеру жүргізіп жатыр. Мекеме мекенжайына тергеу-жедел тобы жіберілді.
Соңғы жаңалықтар





