Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс сотқа жолданды

30.06.2025 • 16:26 Admin
Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс сотқа жолданды
443
Фото: ашық дереккөз

Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. 

"Бас прокуратура П. Қайратқа және Г.Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді.

Аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқыруда айыпталады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторингі агенттігі Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаеваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, іс бойынша материалдарды Бас прокуратураға жолдаған еді. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий