Перизат Қайрат құрған бірлестік таратылды

Перизат Қайрат құрған бірлестік таратылды
12.03.2025 10:00
0
34
instagram.com/01pk

Астанада Biz Birgemiz қоғамдық бірлестігін мәжбүрлеп тарату туралы сот ісі ақпан айының соңында қозғалған болатын. Бүгін сот бұл істі қарады. Бұл туралы Orda телеграм арнасы хабарлады.

Еске сала кетейік, аталған қордың жетекшісі Перизат Қайрат зардап шеккендерге бөлінген миллиардтаған қаражатты жымқыру ісіне қатысты жанжалдан кейін қамауға алынған еді.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігін тарату туралы талап арызын қарады. Сот деректеріне сәйкес, бұл ұйымды 10 адам, соның ішінде Перизат Қайрат құрған.

Соттың шешіміне сүйенсек, қорды құру кезінде қалпына келтіруге болмайтын заңбұзушылықтар орын алған.

Осыған байланысты құқықтық тұлғаны тарату үшін негіз бар деп танылды.

"Ұйымды құру барысында анықталған заңбұзушылықтарды ескере отырып, сот "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім шығарды", – делінген сот хабарламасында.

Алайда, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий