Перзентханада 12 жаңа туған нәресте шетінеп кетті

12.08.2025 • 20:14 Мөлдір ҚАЙНАР
Перзентханада 12 жаңа туған нәресте шетінеп кетті
647
pixabay.com

Эквадордың Гуаякиль қаласындағы университеттік ауруханада тамыз айының басында 12 жаңа туған нәресте қайтыс болды. Жергілікті билік бұл оқиғаға алаңдаушылық білдіріп, тергеу бастады, деп хабарлайды EL Universo.

Медициналық мекеменің ресми мәлімдемесінде балалардың өлімі олардың клиникалық жағдайымен, атап айтқанда мерзімінен бұрын босанудан туындаған асқынулармен байланысты екені айтылған. Сондай-ақ екі нәрестенің өлімі Klebsiella pneumoniae бактериясының ағзаға түсуінен болған асқынулар салдарынан тіркелген.

Оқиғаға байланысты елдің денсаулық сақтау министрі аурухана директорының отставкаға кетуін бұйырды. Тергеуге жергілікті прокуратура мен омбудсмен қосылды. Тергеу аясында аурухана басшылығына қызметкерлер туралы мәліметтерді, медициналық жабдықтардың жағдайын және қаржылық есептілікті толық ұсыну міндеттелді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий