"Перзентханада сатып жіберген": ерлі-зайыпты 26 жыл бұрын дүниеге келген қызын іздейді

16.02.2026 11:12 Мөлдір Талғат
222
Фото: ашық дереккөз

Грузиялық отбасы 2000 жылы дүниеге келген қызын перзентханада «шетінеді» деп хабарлағаннан кейін 26 жылдан соң оның тірі болуы мүмкін деген күдікпен іздеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Politico.kz.

 Туыстары баланы шын мәнінде ұрлап кеткен болуы ықтимал деп санайды.

Олардың айтуынша, 2000 жылдың 18 қаңтарында Тбилисидегі перзентханада Инессаның қызы дүниеге келген. Босану ауыр өткендіктен, нәресте бірден балалар ауруханасына ауыстырылған. Алайда бір тәуліктен соң ата-анасына сәби шетінеді деген хабар берілген. Баланың денесі берілмеген, оны аурухана аумағындағы зиратқа жерледі деп айтылған.

Ата-ана 24 жыл бойы қыздарының қазасына сеніп келген. Бірақ кейін кейбір медициналық мекемелерде балалар зираты болмағаны және сол кезеңде нәрестелерді заңсыз сату фактілері кездескені туралы ақпарат шыққан.

2024 жылдан бастап отбасы өз бетінше іздеу жүргізіп жатыр. Олардың болжамынша, қыздың тағдыры әлі дүниеге келмей тұрып шешіліп қойған болуы мүмкін. Қазір туыстары оның Ресейдің Грузиямен шекаралас өңірлерінің бірінде тұруы ықтимал екенін айтады.

Іздеудегі бойжеткен 2000 жылы туған, грузин және славян тектері бар. Көзінің түсі жасыл немесе қоңыр, шашы ашық болуы мүмкін. Отбасы қоғамнан кез келген ақпарат бойынша көмек сұрайды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий