Перзентханада жаңа туған сәбилер ыдыс жууға арналған гельдегі инфекциядан көз жұмды

Италияның Больцано қаласындағы Сан-Маурицио ауруханасында екі шала туған нәресте бактериялық инфекция салдарынан қайтыс болды. Қайғылы оқиға нәрестелерге арналған ыдыс-аяқ жуатын гельдің құрамынан қауіпті бактерия анықталуына байланысты орын алған.
Бұл туралы L'Unione Sarda басылымы Оңтүстік Тирольдің Денсаулық сақтау бас басқармасына (Asdaa) сілтеме жасап жазды.
"Бүгін провинциядағы барлық ауруханаларда ықтимал ластанған жуғыш затты пайдалануды тоқтату туралы директива шығарылды", – делінген ресми мәлімдемеде.
Анықталғандай, сәбилер бірнеше сағаттың аралығында көз жұмған. Олар — осы аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан шала туған нәрестелер болатын. Қалған 10 нәрестенің жағдайы тұрақты деп хабарланды.
Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады.
Соңғы жаңалықтар





