Песков АҚШ келіссөзшілерінің Ресейге аттанғанын растады

Песков АҚШ келіссөзшілерінің Ресейге аттанғанын растады
13.03.2025 15:40
0
274
pravda.com
Кремль АҚШ-пен келіссөздер туралы ақпаратқа пікір білдіруден бас тартты

Кремль АҚШ өкілдерінің Мәскеуге келе жатқанын растады, деп хабарлайды POLITICO.KZ .

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бүгінгі брифинг барысында АҚШ өкілдері Ресейге ұшып келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, Ресей президенті Владимир Путин бүгін, 13 наурыз кешкі уақытта «халықаралық деңгейде» телефон арқылы сөйлесу өткізеді. Алайда Песков Путиннің кіммен нақты сөйлесетінін айтқан жоқ.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы күндері Путинмен байланысып, Украинадағы соғысты 30 күнге тоқтату мәселесін талқылайтынын мәлімдеген болатын. Песковтың айтуынша, Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уольтц пен Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков 12 наурыз күні телефон арқылы сөйлескен.

Сонымен қатар, Дмитрий Песков Ресейдің АҚШ-қа соғысты тоқтату бойынша талаптар ұсынғаны туралы ақпаратқа пікір білдіруден бас тартып, ресми бейбіт келіссөздердің әлі басталмағанын ескертті.

Сондай-ақ Кремль өкілі Ресей әскерінің Курск облысын жақын арада толық азат ететінін айтты. Ресей қорғаныс министрлігі Суджа қаласының Украинадан қайтарылғанын мәлімдесе, Украина қарулы күштері бұл ақпаратты теріске шығарды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий