Песков Зеленскийдің Кремль өртеніп жатқан бейненің алдында түскен суретіне пікір білдірді

Песков Зеленскийдің Кремль өртеніп жатқан бейненің алдында түскен суретіне пікір білдірді
25.03.2025 14:47
0
1731
Саша Маслов/TIME
Песков Зеленскийдің суретін оның ішкі күйінің көрінісі деді

Украина Президенті Владимир Зеленскийдің өртеніп жатқан Кремль бейнесінің алдында түскен суретіне Ресей тарапынан наразылық айтылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков аталған фотоға қатысты өз көзқарасын білдіріп, бұл сурет Зеленскийдің рухани деңгейі мен ішкі күйінің көрінісі екенін айтты.

— Мен бұл туралы ештеңе айтпас едім. Бірақ мұндай суретке түскен адамның рухани дамуы мен ішкі жағдайын жақсы сипаттайды деп ойлаймын. Бұл фотоны түсіргендер, жариялағандар және ондай фотода түскендер үшін абырой емес, — деді Песков Кремльдегі брифингте.

Бұған дейін аталған кадрлар Time журналының ресми парақшасында жарияланған болатын. Журнал тілшісі Зеленскиймен сұхбат алып, фотосессия барысында дәл осындай бейнемен суретке түсірген. Артқы фонда Кремльдің өртеніп жатқан бейнесі бейнеленген.

Песковтың айтуынша, бұл фото Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайын көрсететін мысалдардың бірі ғана.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий