Петропавлда 15 жастағы оқушы мектепке «шабуыл жасамақ» болған

26.02.2026 10:55 Әсел Мұрат
Петропавлда 15 жастағы оқушы мектепке «шабуыл жасамақ» болған
568
Фото: ашық дереккөз

Петропавл қаласындағы мектептердің біріне қатысты қарулы шабуыл жасалатыны туралы жалған хабар таратқан күдікті анықталып, ұсталды. Ол 15 жастағы мектеп оқушысы болып шықты, деп хабарлайды Politico.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Күдікті Telegram мессенджері арқылы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатқа қарулы шабуыл дайындалып жатқанын мәлімдеген. Сонымен қатар шабуылды болдырмау үшін ақша талап етіп, бұл хабарламаларды аталған оқу орнының оқушылары арасында таратқан. КТК телеарнасының мәліметінше, жасөспірім 2024 жылы осы білім ордасында оқыған. Құқық қорғау органдары оны ұстаған кезде, ол өз әрекетін «қалжыңдаған едім» деп түсіндірген. Алайда бұл «қалжыңға» енді заң аясында баға берілмек.

«Материалдар жинақталып, оқушыны девиант мінез-құлығы бар балаларға арналған арнайы білім беру орнына жіберу мәселесі қаралады. Бұндай әрекет құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмайды», — деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі Юрий Клыков.

Войдите, чтобы оставить комментарий