Петропавлда теледидар пульті адам өліміне себеп болды

26.02.2026 09:20 Әсел Мұрат
Петропавлда теледидар пульті адам өліміне себеп болды
483
Фото: ашық дереккөз

Петропавл қаласында әйел адам көңілдесін теледидардың пультімен ұрып, өліміне себепкер болды. Бұл деректі полиция өкілдері растады, деп хабарлайды Politico.kz.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, спирттік ішімдік ішкен ерлі-зайыптының арасында жанжал туындаған. Ер адам әйелге күш көрсеткеннен кейін, ол қарсы әрекет жасап, қолына теледидар пультін алып, ер адамның басынан бірнеше рет соққы жасаған.

Оқиға кезінде үйде қонақта болған 35 жастағы танысы болғаны анықталды. Әйел ер адамды ұрып-соққан соң, екеуі ішімдік ішуді жалғастырған.

Тек келесі күні ғана олар ер адамның жағдайы ауыр екенін және медициналық көмек қажет екенін түсінген.

Аурухана дәрігерлері шамамен екі апта бойы науқастың өмірі үшін күрескенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

«Полиция Петропавл қаласының 52 жастағы тұрғынының өліміне әкеп соққан, денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиға 7 ақпанда жеке үйлердің бірінде болған. Күдікті ретінде 58 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда», - деп хабарлады СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий