Петропавлдық қыз көшеден жатқан темекіні шегемін деп жансақтау бөліміне түсті
Петропавлда көшеден табылған темекіні шеккен жас қыз ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Қалалық аурухананың дерегіне сәйкес, науқас қыздың денесі қалтырап, басы айналған.
Оның айтуынша, ол сырттан тауып алған темекіні пайдаланып көрген. Соның салдарынан есірткілік әсерге ұшырап, сыртқы уытты заттармен уланған. Дәрігерлер оған белгісіз заттардың токсикалық әсері, масаю синдромы және орта деңгейдегі темір тапшылығы анемиясы деген диагноз қойды.
Оқиға кезінде кезекші дәрігер мен реанимация мамандары жедел әрекет етіп, қызды бірден жансақтау бөліміне орналастырған.
Медицина мамандарының мәліметінше, науқас тәулік бойы жансақтауда үздіксіз бақылауда болған. Кейін тағы төрт күн жалпы бөлімде ем қабылдап, жағдайы жақсарған соң үйіне шығарылған.
Дәрігерлер бейтаныс немесе заңсыз заттарды қолдану аса қауіпті екенін ескертеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
13:21
«Есімі ешқашан ұмытылмайды»: Тоқаев Назарбаев т...
23.10.2026
13:08
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өг...
23.10.2026
12:43
Мұнайшыларды ереуілге шығармақ болғандар ұсталд...
23.10.2026
12:27
473 жұмысшының еңбегі еленді: Тоқаев мемлекетті...
23.10.2026
12:18
Тоқаев Әбдірашит Доспановқа «Қазақстанның Еңбек...
23.10.2026
12:01
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты қандай...