Питон зейнеткерді тұтастай жұтып қойды

Индонезияда зейнеткер әйелдің питонға жұтылып кету оқиғасы қорқынышты әрі аянышты болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оңтүстік Сулавеси өңірінде жергілікті тұрғындар ұзындығы 8 метрлік питонның күдікті түрде ісінген ішін байқап, оны тығыз өсімдік арасында тапқан.
Бұл туралы Daily Mail жазды.
Ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға алдында 66 жастағы Хасия есімді әйел жұмысынан кейін үйіне қайтып бара жатқанда жоғалып кеткен. Әйелдің туыстары мен көршілері оны іздеуге шыққан. Өлген әйелдің денесін питонның ішін тіліп, тапқан.
Жергілікті полицияның болжамы бойынша, питон Хасияның аяғынан ұстап, жерге құлатып, әйел шатасып қалған кезде оны қысып өлтірген.
Индонезия билігі жергілікті тұрғындар мен қонақтарды плантацияларда серуендегенде өте сақ болуға шақырады, себебі змейлер көбінесе сол жерде өз құрбандарын күтіп тұрады. Соңғы кездері олар адамдармен көбірек байланыса бастады, себебі тұрғын үй, фермалар және басқа да құрылыс нысандарының саны артты.
Соңғы жаңалықтар





