Полиция Ақнәрдің өліміне қатысты шұғыл ақпарат таратты

Полиция Ақнәрдің өліміне қатысты шұғыл ақпарат таратты
23.05.2025 09:42
0
214
анасының архивінен

Марқұм Ақнәрдің өліміне байланысты Алматы қаласының полиция департаменті алғаш рет ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақнар Гүлстанның анасы Қамит Гүлстан тергеудің созылып кеткеніне наразы болып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдағаннан кейін полиция бұл іс бойынша алғаш рет ресми мәлімдеме жасады.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға болғанына 10 ай өтсе де, тергеу жалғасып жатыр.

Тергеушілер куәлардан жауап алып, оқиға орнындағы бейнебақылау жазбаларын қарап, материалдарды жинап, сараптап жатыр.

Істі жүргізу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. Қайтыс болған бойжеткеннің жақындарының қайғысына ортақпыз. Қажетті тергеу әрекеттері толық аяқталып, барлық сараптама нәтижесі қолымызға тигеннен кейін ғана процессуалдық шешім қабылданады, – делінген Алматы қалалық полициясының ресми түсініктемесінде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий