Полиция кінәлі: 4 баласы бар ер адам соңғы хатын жазып өзіне қол жұмсады

Полиция кінәлі: 4 баласы бар ер адам соңғы хатын жазып өзіне қол жұмсады
05.03.2025 12:01
0
506
alash.kz

Жетісу облысында 27 жастағы Азат Құдайбергенов өзіне қол жұмсады. Марқұмның туыстары оның өліміне полиция қызметкерлерін кінәлап отыр.

Барлығы ауылдағы дүкеннің сейфінен 300 мың теңгенің жоғалуынан басталған. Бұл оқиғаға байланысты полиция күдікті ретінде марқұм Азат пен оның бауыры Сағатты ұстаған. Ағайынды жігіттер бұл дүкенде жұмыс істеген, алайда оқиғадан 10 күн бұрын жұмыстан шығып кеткен.

Марқұмның бауыры Сағаттың айтуынша, полиция нақты кінәліні іздеудің орнына, екі ағайындыға жала жаппақ болған.

Көп ұзамай Азат Құдайбергенов электр бағанасына асылған күйде табылды. Кейін оның бас киімінің ішінен хат табылған. Ол хатта өзінің де, інісінің де бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін жазып, жаланы көтере алмайтынын айтқан.

Марқұмның анасы да ұлының өліміне қатысты күмәнді жайттарды алға тартты. Оның айтуынша, баласының денесінде ұрып-соғу іздері болған: ерні жарылып, шынтақтарында көгерген іздер мен сызаттар анықталған.

Құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий