Пойыз терезесінен нәрестесін лақтырып жіберген әйел туралы сұмдық дерек шықты

Пойыз терезесінен нәрестесін лақтырып жіберген әйел туралы сұмдық дерек шықты
25.04.2025 10:06
0
332
pixabay.com

Пойыз терезесінен нәрестесін лақтырып жіберген әйелге қатысты шок мәліметтер жария болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап. Қоғамда резонанс тудырған бұл жантүршігерлік оқиғаға байланысты алғашқы бейресми ақпараттар тарала бастады.

Белгісіз дереккөздердің айтуынша, шамамен 30 жастағы әйел Қазалы теміржол бекетінен пойызға мінген. Қарағанды бекетінен өткен соң жолаушылардың бірі жолсеріктің едендегі қанды жуып жүргенін байқап, күдіктенген. Қанды іздің ізімен жүрген жолаушы купенің бірінде жатқан әйелді көреді. Әйелдің төсек орны қанға боялғаны анық байқалған. Сұрақ қойыла бастаған кезде ол өз әрекетін мойындаған.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция әйелді ұстаған. Ол босанғаннан кейін медициналық көмекке мұқтаж болғандықтан, дереу дәрігерлерге тапсырылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты деп бағалануда. Алайда ол тергеу изоляторында ма немесе үйқамақта ма, бұл туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Өкінішке қарай, нәрестенің денесі пойыз жолының бойынан өлі күйінде табылды. Оның тірі туылғаны немесе өлі туғаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ. Бұл қайғылы оқиға аналық жауапкершілік, психологиялық қолдау және қоғамдық бақылаудың маңыздылығын тағы да күн тәртібіне шығарды. Ресми органдардан нақты ақпарат күтілуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий