Премьер: Техниканы лизингке алудың несие мөлшерлемесі 5 пайыздан аспау керек
587
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына қажетті дизельге өтінім жіберіп үлгермегендерге тағы мүмкіндік берілу керектігін айтты.
Сондай-ақ, ол Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, егіс алқаптарындағы жемшөп дақылдарының үлесін арттыруды тапсырды.«Ақпараттық жүйе арқылы жеңілдікті дизель отынын алу үшін өтінім беруге үлгермей қалған облыс әкімдіктері мен егіншілердің тарапынан өтініштер келіп түсуде. Оларға аталған рәсімдерден өтіп, жанармай алуға мүмкіндік беру керек. Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен облыс әкімдіктері арзандатылған отынның бөлінген көлемін жеткізуді бақылауға алып, операторлардың оны дер кезінде тиеп-жөнелту жұмыстарын қамтамасыз етуге тиіс», - деді Премьер-министр.
«Су ресурстары министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, вегетациялық кезеңде оңтүстік өңірлерді суармалы сумен тұрақты түрде қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері және «Бәйтерек» холдингі 1-ші мамырға қарай ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингін қаржыландыруға қаражат бөлсін. Оның түпкілікті қарыз алушы үшін ставкасы 5%-дан аспауға тиіс. Бұл ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға қосымша серпін береді. Қаржы, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктері заманауи агротехнологияларды сақтауды ынталандыру мақсатында 1-ші маусымға дейін тиісті субсидиялар бөлу мәселесін шешуге тиіс», - деді Үкімет басшысы.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...