Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Ренат Бектұровты қабылдады
575
Ренат Бектұров АХҚО-ның былтырғы және биылғы I тоқсанда атқарған жұмысының нәтижелері баяндап, орталықты дамыту жоспарымен таныстырды.
Қаржы орталығы іске қосылған сәттен бері елімізге 11 миллиард доллардан астам (2023 жылғы және осы жылдың алғашқы 3 айындағы 3,5 миллиард доллар қаржыны қоса алғанда) инвестиция тартуға атсалысқан.
Бұл 2025 жылға алдын ала белгіленген мақсатты көрсеткіштен асқан.
Өткен жылы АХҚО-да тіркелген компаниялардың саны 670-тен (жалпы әлемнің 78 елінен 2600-ден аса компания) асқаны жөнінде мәлімет берілді. Бұл — рекордтық көрсеткіш.
Былтыр және осы жылдың алғашқы үш айында Орталық қатысушылары мемлекет бюджетіне 48,7 миллиард теңге салық төлеген.
Дауларды шешуде АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығы сияқты институттар табысты жұмыс істеп жатыр. 2023 жылы 767 коммерциялық іс қаралған.
Президент қаржы орталығын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар өзекті міндетті айқындап берді. Атап айтқанда, АХҚО-ның өңір үшін жасыл қор тарту және Орта дәлізді дамыту ісіндегі рөліне тоқталды.
Еліміздегі «жасыл» облигациялар мен кредиттердің 60 пайыздан астамы АХҚО Жасыл қаржы орталығының қолдауымен берілді.
Қаржы орталығының юрисдикциясында орта дәліз жобасы аясында бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда мәмілелер жасау үшін АХҚО инфрақұрылымын белсенді пайдалана отырып, Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға көмектесетін барлық мемлекеттік орган мен оған жетекшілік ететін қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру қажет екеніне назар аударды. Соңғы жаңалықтар
12.08.2026
15:16
Вайнер Төребаев: Түрмеде әйеліме сирек келші де...
12.08.2026
15:01
"Сау аяғына гипс салып тастаған": желіде дәріге...
12.08.2026
14:25
Түрмеден шыққан Төребаев: Адамдардың ойы бір сә...
12.08.2026
14:20
"Жаман ойым болған жоқ": Вайнeр Мейіржан Төреба...
12.08.2026
13:55
Бекболат Тілеухан: Саясатта көп әйел алғаныңды ...
12.08.2026
13:27
Бекболат Тілеухан: Жүрсін Ерман мен айтысты тар...