Президент бастамаларын нақты орындау үшін Мәжіліс бірқатар заңға өзгеріс енгізеді
231
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партияның фракция жетекшілерімен кездесу өткізді.
Іс-шараға Amanat партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, Respublica партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов, сондай-ақ Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы Әмірбек Оспанбеков қатысты.
Басқосуға қатысушылар Ұлттық құрылтайдың «Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс» атты үшінші отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалар мен бастамаларды тиімді жүзеге асыру жолдары мен тәсілдері жөнінде пікір алмасты.
Мемлекеттік кеңесші Президенттің көптеген бастамасын нақты орындау үшін заңнамалық тұрғыдан қолдау көрсету және оған депутаттардың белсенді атсалысуы қажет екенін атап өтті.
Ең алдымен, есірткі өндіру, лудомания, вандализм, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту, сондай-ақ мемлекеттік наградалар, ономастика, археологиялық қызмет туралы және басқа да заңдарға түзету енгізу қажет.
Жиында ономастика, есірткіге және вандализмге қарсы күрес туралы заң жобалары Мәжілістің қарауында, ал тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы заңды Мәжіліс қабылдап, құжаттың Сенатқа жіберілгеніне назар аударылды.
Бұл ретте вандализм дегеніміз ескерткіштер мен табиғи нысандарды ғана емес, қоғамдық орындағы мүлікті де бүлдіру екеніне баса мән берілді.
Депутаттар вандализм және басқа да тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдату қажеттігін айтты.
Сондай-ақ фракция жетекшілері Президент ұсынған жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Соңғы жаңалықтар
26.05.2026
11:38
Министрлік Сауле Базархан қайтыс болған клиника...
26.05.2026
11:36
Шахановтың қырық күндік асы қайда өтетіні белгі...
26.05.2026
11:19
Алматыда Almaty Superski тау курортын салу жоба...
26.05.2026
10:53
Пластикалық отадан кейін қайтыс болған депутат ...
26.05.2026
10:14
Губернатор Путинге Тоқаевтың әкесін аман алып қ...
26.05.2026
09:46
Қарабалиндер әулетінің соңғы туған күні, тоңазы...