Президент Sany Group Co. Ltd Директорлар кеңесінің төрағасы Сян Вэньбоны қабылдады
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сян Вэньбо «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Корпорация Қазақстанда жалпы қуаты 1ГВт жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруға қатысып жатыр және жаңартылатын энергия көздеріне арналған мұнара, қалақ және гондола құрастыратын зауыт салу мүмкіндігін қарастыруда.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Sany Group Co. Ltd компаниясымен арадағы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екеніне назар аударды. Атап айтқанда, елімізде арнаулы техникалар, сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектерін шығаратын бірлескен өндірісті жолға қою перспективті саналады.
Осы ретте Қытай компаниясына Қазақстанда аймақтық R&D орталығын ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Бұл орталық компанияның ЕАЭО нарығындағы қызметін ілгерілетуге септігін тигізеді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сян Вэньбоны биыл елімізде өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
17:36
Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі...
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...
31.10.2026
13:42
Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады...