3 миллиард су қағазда ғана: Тоқаевтың сыны неге орынды

3 миллиард су қағазда ғана: Тоқаевтың сыны неге орынды
08.09.2025 14:40
0
106
Сурет: Ақорда

Президент су есептеу жүйесін сынға алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылорда облысына бір маусымда 3,03 миллиард текше метр су жібердік деп есеп берсе, Қазгидромет мамандары Сырдарияның жылдық ағынының өзі бұл көрсеткіштен үш есе аз екенін айтады. Бұл қайшылық елдегі су есебінің қаншалықты шатасқанын және Мемлекет басшысының неліктен бұл саланы қатаң сынға алғанын айқын көрсетеді.

Бүгінгі халыққа жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарын есепке алудың ескірген жүйесін тілге тиек еткен болатын.

«Қазір құзырлы органдарда еліміздегі су ресурстарының қолжетімді көлемі туралы нақты мәлімет жоқ. Кейбір каналдағы судың 50-60 пайызы далаға кетуде. Суды есепке алу технологиясы әбден ескірген. Суды бөліп тарататын орындарда қазіргі заманға сай құрылғылар жоқ», - деді Тоқаев.

Осы орайда «жылдық ағыны 1 миллиард текше метрге жетер-жетпес өзеннен 3 миллиард суды қалай жіберуге болады?» деген заңды сұрақ туындайды. Мұның бірнеше ықтимал себебі бар:

  • Бір суды бірнеше рет есептеу. Яғни, каналға жіберілген суды қайта есепке алып, көрсеткішті жасанды түрде ұлғайту. «Қағаз бәріне көнеді» демекші, бұл ең оңай жол.
  • Ауқымды араластыру. Берілген 3,03 млрд текше метр тек Қызылордаға ғана емес, бүкіл облыс бойынша немесе одан да жоғары аумақтан алынған судың жалпы көлемі болуы мүмкін.
  • Жоспарды шындық ретінде көрсету. Кейде шенеуніктер нақты жіберілген судың көлемін емес, жоспардағы көрсеткіштерді есеп ретінде ұсына салады.

Дереккөз: Журналист, сарапшы Кирилл Павловтың арнасы

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий