Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынының салдары туралы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынының салдары туралы айтты
03.01.2025 09:40
0
90
baq.kz
Ел басшысы табиғи апаттың салдары туралы айтты

2024 жылы Қазақстан алапат су тасқынының зардабын бастан өткерді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбат барысында мұндай табиғи апаттың ел тарихында бұрын-соңды болмағанын атап өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Су тасқыны елдің жартысына жуық аймағын қамтып, көптеген адамды үйлерінен айырып, инфрақұрылымға орасан зор шығын келтірді.

63 мыңнан астам адам құтқару жұмыстарына жұмылдырылды. Қауіпті аудандардан адамдар дер кезінде көшіріліп, уақытша баспанаға орналастырылды. Еріктілер де зардап шеккендерге көмектесуде үлкен рөл атқарды.

Президенттің айтуынша, мұндай апаттар гидротехникалық инфрақұрылымның жылдар бойы назардан тыс қалуынан болды. Осыған байланысты Су кодексі қайта қаралып, 2030 жылға дейін 40 жаңа су қоймасы салынып, 37 су қоймасы жөнделмек.

Су тасқыны төтенше жағдайларды болжау және алдын алу жүйесін нығайтудың маңыздылығын көрсетті. Волонтерлік қозғалыстың әлеуеті анық байқалып, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылды. Бұл мекеме ғылымды дамытуға және су мамандарының тапшылығын жоюға бағытталған.

"Бір ел, бір халық болып қана мұндай қиындықтарды жеңе аламыз", – деді Президент.

Су тасқынының салдарын жоюға мемлекет те, қоғам да жұмыла кірісті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или