Президент «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Магановты қабылдады
736
Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы туралы мәлімет берілді.
Атап айтқанда, «Татнефть» Атырау облысында бутадиен және одан өнім өндіруге бағытталған мұнай-газ химиясы саласындағы стратегиялық инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр.
Аталған кәсіпорын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен Қазақстанның батыс өңіріндегі көмірсутегі қорларын барлау және өндіру жобалары аясында ынтымақтастық орнатқан.
Бұдан бөлек, «Татнефть» қатты пайдалы қазбалар кенін бірлесе игеру ісіне атсалысып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Татнефть» компаниясының Қазақстанда мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібін дамыту жөніндегі бастамаларын жоғары бағалап, аталған кәсіпорын еліміздің энергетика саласындағы стратегиялық серіктестердің бірі екенін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...